Көпқабатты үйдің ауласында доп ойнаған оқушыны ұрған ақтөбелік ұсталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Көпқабатты үйдің ауласында доп ойнаған оқушыны ұрған 32 жастағы ақтөбелік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында көпқабатты үйдің ауласында ер адамның оқушыны ұрғанын анықтады. Ол өз автокөлігінің жанында доп ойнаған баланың жағасына жармасып, ұрып-соққан.
«Учаскелік полиция инспекторлары оқиға қатысушысын анықтады. Ол осы үйдің 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті 9-сынып оқушысын ұрған. Бұзақылық фактісі бойынша ҚР ҚК 293-бабы1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар