Кооператив: Ауыл тұрғындарының бірігіп жұмыс істеуі үшін не істеу керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1-қыркүйектегі халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес екенін айтты. Соның ішінде кооперацияны дамытпағанның салдарынан туындаған мәселелерді де атаған еді.

Осы мәселелерді шешудің жолдары қандай, не істемек керек, деген сияқты сұрақтарға жауап іздеу үшін «Кооператив құру арқылы ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру» жобасының жетекшісі Анас Баққожаев мырзамен әңгімелескен едік.

- Анас Ахатұлы, кооператив құрудың нақты жолдары бар ма?

- Бұл мәселені шешудің әлі де болса жергілікті жерлерге бейімделген сара жолы табылмай келеді. Осы жөнінде әңгіме қозғалса көбі шет елдердің тәжірибесіне жүгінеді. Әрине, олардың кооператив қозғалысын дамытудағы жетістіктері орасан зор. Ондай деңгейге олар бірте бірте, ондаған, тіпті жүздеген жылдар ішінде жетті емес пе? Біз болсақ солардың үлгісін тез арада өзімізге енгізбекпіз. Бірақ оған қоғам дайын ба, жергілікті жерлердегі жағдай шетелдік үлгіні қабылдай ала ма деген сұрақтарға жауап жоқ. Сол себептерден де осы бағытта істелген жұмыс нәтижесіз аяқталуда.

- Кооператив құру арқылы ауыл халқының жағдайын жасқсартуға қатысты тамаша бастама болған еді. Жоба неліктен орта жолда тоқтап қалды?

- 2016 жылы министрлікке жаңа басшының келуімен кооперация тақырыбы жандана бастады. Идея да, ниет те керемет. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» бұрын-соңды болмаған принципті қолдана отырып, кооператив құрушыларға керемет бағдарлама сыйласа, министрлік инвестициялық субсидия жағын жайнатып қойды. Нәтижесінде Қазақстан бойынша 157 елді мекенде құны 5 миллиондық сүт жинайтын бекеттер орнатылды. Салиқалы несие саясаты мен инвестициялық субсидия сол бекеттердің кооперативтер үшін қолжетімді болуына арқау еді. Қоғамды бір идея төңірегіне жинау оңай шаруа емес. Әр адаммен жеке кездесіп, оған бірігудің тиімді жолдарын тәптіштеп түсіндіру керек. Алайда, әдеттегідей орталықтан басталған бағдарлама жергілікті жерде пәрменділігін жоғалтып алды.

- Сіздер осы істі бастадыңыздар ғой. Идея қалай жүзеге асып жатыр?

- Біз Президент айтқан бағдарламаны Ақмола облысы Ақкөл ауданының Азат ауылында жүзеге асыруды қолға алдық. Кооперативіміздің құрылу тарихын қысқаша айта кетейін. Ең алдымен, «ауыл тұрғындарының бірігіп жұмыс істеуі үшін нақты не істеу керек және кооператив құрылған жағдайда, оның тұрақтылығын қалай қамтамасыз ете аламыз?» деген екі сұраққа С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдарының ғылыми көзқарастарымен қатар жергілікті жағдай мен халықтың ойын бір-бірімен үйлестіре отырып, жауап іздедік. Басты білгеніміз – кооператив құруда алғашқы қадамды адам емес, мемлекет не меценат жасауы тиіс. Иә, бұл істің байыбына барып, түсіну қиын. Десе де, осынау заманда «Алдымен қосылыңдар, сосын барып керек-жарақтарыңды алып береміз» деген уәде бос сөз болады. Біз кооператив құру туралы ойымызды «Самұрық Қазына» әл-ауқат қорына айттық. Түсінді. Қолдады. Сөйтіп, 2019 жылдың күзінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің қолдауымен жобамызды қағазға түсіріп, «Самұрық Қазына» қорынан қаражат алып, жұмысты бастап кеттік.

- Халықты кооперативке тарту үшін олардың көзі жететіндей бір нақты дәлел немесе бір ұстаным қажет болған шығар?

- Кооператив жұмысында төрт принципті негізге алдық. Біріншісі – қанағат. Екінші принцип – жауапкершілік пен абырой. Кооператив пен ауыл тұрғындарының арасында жасалатын келісімшарт сенімді болу үшін берген уәдені бұлжытпай орындау қажет. Үшінші принцип – технологияны дәріптеу. Бордақылау да, өрісте өсіру де заманауи талаптарға сай болуы шарт. Төртіншісі – ауыл тұрғыны үшін табысты ұлғайту мүмкіндігінің болуы. Яғни, мал өткізумен ғана шектелмеу. Әрі қарай, кооперативтің көмегімен арзан несиеге қол жеткізіп, оған қосымша мал алып кооперативтің қызметін пайдалану арқылы кіріс көлемін еселей беру. Бұл енді алдағы күндерімізге маңдай түзеген темірқазық жоспарымыз


Соңғы жаңалықтар