Контрабандалық 400 мың қорап темекі тауық еті тиелген жүк арасына жасырылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шекарашылар Қырғызстаннан контрабандалық жолмен келген ірі темекі партиясын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«11 маусымда Қазақстан шекарашылары Жамбыл облысындағы «Қарасу» автомобиль пунктінде Қырғызстаннан Қазақстанға ірі темекі партиясын (шамамен 400 000 қорап) контрабандалық жолмен кіргізудің алдын алды. Темекі тауық еті тиелген жүкке жасырылған», делінген хабарламада.

Темекінің рұқсат құжаттары мен акциз маркалары болмаған.

«Бұл Қырғызстан аумағынан тауар-материалдық құндылықтарды заңсыз шығарудың алғашқы көрінісі емес екенін атап өту керек. Ұсталған темекі партиясы Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар