Конференция лигасы финалына «Рома» мен «Фейеноорд» шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Конференция лигасы финалына жолдама алған командалар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турнирдің жартылай финалының қарымта ойындары 5 мамыр күні өткізілді.

Алғашқы жұпта Италияның «Рома» және Англияның «Лестер Сити» командалары кездесті.

Кездесуде италиялық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші ойын германиялық команда 1:1 есебімен тең аяқталған еді.

Нәтижесінде «Рома» финалға жолдама алды.

Екінші жұпта Францияның «Марсель» командасы өз алаңында Нидерландының «Фейеноорд» клубымен 1:1 есебімен тең түсті.

Бірінші ойында «Фейеноорд» қарсыласын 3:2 есебімен жеңген еді.

Екі ойынның нәтижесімен «Фейеноорд» енді финалда сынға түседі.

Финал 25 мамырда Албанияның Тирана қаласындағы «Комбетаре» стадионында өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын UEFA Чемпиондар лигасы финалына жолдама алған командалар анықталды.

Сондай-ақ, футболдан Еуропа лигасы финалына шыққан клубтар да белгілі болды.




Соңғы жаңалықтар