Қонақүй алдында жаппай фотосессия ұйымдастырған Синагога алматылықтардың ашуына тиді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Rixos қонақ үйінің алдында жаппай фотосессия ұйымдастырушысына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін желіде Rixos қонақ үйінің алдында қара костюм киген көп адамның суретке түсіп жатқаны көрсетілген видео тараған еді.

«Неліктен олар үшін карантин жоқ?», - деп ренішін білдіреді видео авторы.

«Шектеу шараларын бұзған ұйымдастырушы – орталық Синагога. Ол діни іс-шара ұйымдастырған. Бұл ретте ешқандай өтінім болмаған. Аталған мекеменің басшысына қатысты заңға сәйкес 30 АЕК (87 510 теңге) көлемінде әкімшілік ықпал ету шарасы қолданылды», - деп жауап берді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Оның айтуынша, қонақүйдің өзі шектеу шараларын бұзбаған.

«Қонақүй ішінде ешқандай шара болмаған. Олар тек сыртында суретке түскен. Бұл бізге ұсынылған материалдарға негізделген. Ал қонақүй басшылығы бұл туралы білмеген», - деп қосты санитар дәрігер.


Соңғы жаңалықтар