Конькимен жүгіруден әлем кубогы: Евгений Кошкин ел рекордын жаңартты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогының үшінші кезеңі өтіп жатыр. Ерлер арасында 500 метрге жарысудан Евгений Кошкин жасөспірімдер арасындағы Қазақстан рекордын жаңартты деп жазады Olympic.kz.

Қазақстандық конькишілер 500 метрге жүгіруден В тобында сынға түсті. Нәтижесінде, Евгений Кошкин 19-шы, Иван Аржаников 22-ші, Роман Креч 29-шы орыннан көрінді.

В тобындағы алғашқы үштікке АҚШ, Германия және Ресей спортшылары енген.


Соңғы жаңалықтар