Конькиден Жапония құрамасының 10 мүшесінен коронавирус анықталды

None
None
ТОКИО. Кyodo-ҚазАқпарат - Германияның Инцелл қаласындағы оқу-жаттығу жиынына қатысуға келген Жапония ұлттық құрамасының төрт спортшысы мен алты қызметкерінің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елдің мәнерлеп сырғанау бойынша ұлттық басқару органы індет жұқтырғандар Германияның денсаулық сақтау органы нұсқауларына сәйкес жеті күн карантинге алынғанын айтты.

Халықаралық оқу-жаттығу турына барлығы 22 мәнерлеп сырғанаушы мен 13 қызметкер қатысты, оның ішінде 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары Нао Кодайра мен Михо Такаги де бар.

Команда 12-14 қарашада Польшаның Томашов Мазовецки қаласында өтетін биылғы маусымдағы бірінші әлем чемпионатының алдында Германияға жаттығу үшін келген болатын.

Польшаға кіру үшін қажетті COVID-19 сынағын тапсыру шаралары бейсенбі, жұма және жексенбі күндері ұлттық құрама мүшелерімен жүргізілді.


Соңғы жаңалықтар