Коммунистік партия Түркістан халқының зейнет жасын төмендету жайлы пікірін сұрап білді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан коммунистік халық партиясының өкілдері «Партия дауысы» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шара барысында партия белсенділері жергілікті тұрғындарды мазалаған түрлі сауалдарға қатысты жауап алып, сауалнама жүргізді.

Түркістандықтарға «Елімізде азаматтардың зейнетке шығу жасын 63-тен 60-қа түсірген дұрыс па? Әлде банктен жеке тұлғаларға берілген несие кешірілсін бе?» деген сауалдарды қойды.

Ауылдардағы онлайн білім беру жүйесінің сапасына қатысты пікірін біліп, офлайнға көшу жайын көтерді.

Партия мүшелері сондай-ақ, қала тұрғындарының шешімін таппай отырған мәселелерін сұрастырып, өзекті проблемаларымен танысты.

«Халықтық коммунистер» фракциясының депутаттық сауалнамасын таратып шықты.

«Халық көп жүретін жерлерді таңдап жатырмыз. Сол халықтың мұқтажын үкіметке жеткізсек деген ойларымыз бар. Осы мәселе бойынша біз айына екі рет акция өткізіп отырамыз. Осы арқылы халықтың қолдауына ие боламыз деген ойдамыз»,- дейді ҚХКП Түркістан облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ахмет Ералхан.


Соңғы жаңалықтар