Коммунистік партия еңбек ұжымдары кеңесін құруды ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан коммунистік халық партиясының қалалық филиалында партия мүшелері мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың басында Қазақстанда 993 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,4 пайызға артық. Оның ішінде 555 факт пара алуға, ал 404 факт – пара беруге қатысты, 34 факт – сыбайлас жемқорлық делдалдығымен байланысты. Жыл сайын пара алушылар саны артып келеді. Осыған байланысты халықтың билікке сенімсіздігі пайда болады. Бүгінгі дөңгелек үстелде сыбайлас жемқорлықтың өмірлік игіліктердің әділетсіз бөлінуіне, халық арасындағы әлеуметтік жік түсіп, мүліктік теңсіздіктің өсуіне қалай ықпал ететінін талқылаймыз», - деді партияның қалалық филиалының бірінші хатшысы Нұрдәулет Оразханов.

Экономика ғылымдарының магистрі, ҚКХП мүшесі Юрий Кобка сыбайлас жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздік негізі үшін елеулі қатер төндіретінін, қоғамдағы әлеуметтік ахуалды бұзатынын атап өтті.

«Қоғам билік құрылымдарына сенуі керек, бірақ сыбайлас жемқорлық сенімсіздік тудырады және түрлі жағымсыз салдарға әкеп соғады. 2019 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және аумақтық органдарға 26 мың 886 өтініш, оның ішінде орталық аппаратқа – 7 969 өтініш түскен. Біз барлық мемлекеттік құрылымдардың, квазимемлекеттік компаниялардың және бюджеттегі ұйымдардың басшылығына белгілі бір қабілеті бар тұлғалар сайланатын ереже енгізуді ұсынамыз. Қабілет бойынша нақты талаптарды белгілеген соң ғана мәселені шешу жөнінде бағдарламасы бар тұлғаларға конкурс жариялау оңай болады», - деді Юрий Кобка.

Сонымен бірге партия мүшесі еңбек ұжымдары кеңесін құруды ұсынды. Бұл да көптеген мәселенің алдын алуға көмектеседі.

«Шешім қабылдар алдында басшы еңбек ұжымы кеңесімен ақылдасуы керек. Кеңес басшының оңтайлы шешім қабылдауына көмектеседі және миллиардтаған мемлекеттік қаражатты үнемдейді. Қызметкерлердің еңбек үлесі мен тиімділігіне сәйкес материалдық ынталандырудың барлық шкаласы құрылуы керек», - деп толықтырды коммунист.


Соңғы жаңалықтар