Көмірден ешкім түбегейлі бас тарта алмайды – министр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көмірден ешкім түбегейлі бас тарта алмайды. Бұл туралы Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде көмір өнеркәсібінде шамамен 30 мың адам жұмыс істейді. Көмірден бас тарту оңтайлы түрде жүргізіледі, ол біртіндеп жүзеге асырылады. Өйткені, түбегейлі көше алмаймыз. Тіпті, әлемде бірде-бір ел мұны жүзеге асыра алмайды», - деді Әлібек Қуантыров.

Оның айтуынша, Польшаға көмір пайдалануға квота берілген. Бірақ, бұл ел уақыты келгенде көмірді пайдалану көлемін бірден қысқартуы тиіс.

«Меніңше, Қазақстан да шамамен осы жолмен жүреді. Бізге көміртегі бейтараптығына толығымен көшу үшін газ немесе атом энергиясы сынды балама көшпелі көздерді пайдалану қажет. Мұның барлығы қазіргі уақытта талқыланып жатыр. Бүгінде Ұлттық экономика министрлігі халықаралық сарапшылармен стратегия, доктрина әзірлеу жұмысын жүргізуде. Меніңше, Осы сын-тегеуірінің бәрі соларда ескерілетін болады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар