+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Колумбияда Boeing 727 ұшағы апатқа ұшырады

2016 жылғы 21 желтоқсан 07:50
Бөлісіңіз:
Колумбияда Boeing 727 ұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбияда сейсенбі күні кешқұрым Boeing 727 жүк ұшағы құлап, үш адам қаза тапты.

El Tiempo порталының деректеріне қарағанда, қайғылы оқиға Aerosucre компаниясының лайнері Пуэрто-Карреньо қаласының әуежайынан Боготаның астанасына қарай ұшқаннан кейін болған. Бортта экипаждың алты адамы болды. Оның үшеуі қаза тауып, екеуі жарақат алса, тағы бір адам әлі табылмаған. Ұшақ апатқа ұшыраған орында өрт болып, өрт бригадасы жіберілді. Апаттың себебі әлі хабарланбай отыр, деп жазады РИА Новости.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT