Көлсай мен Қайыңды көлінде коньки тебуге бола ма - министрлік жауабы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан Көлсай мен Қайыңды көлдері қыс басталысымен қатып, коньки тебуге арналған мұз айдынына айналады.

Мемлекет қорғауына алыған нысандар да коньки тебуге болады ма? Бұл сұраққа ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде туристер мен кәсіби коньки тебушілердің көлдерде сырғанап жүрген видеолары мен суреттерін табуға болады.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі Көлсай көлінде коньки тебуге арналған арнайы жабдықталған алаңдар жоқ екенін атап өтті.

«Жеке тұлғалардың мұз үстінде болуына (оның ішінде коньки тебуге) заңмен тыйым салынбаған. Келушілер тарапынан коньки тебуге деген сұраныстың артуына байланысты жақын арада ұлттық парк Көлсайдың төменгі жағындағы көлде коньки тебуге арналған орын ашуды қарастырып жатыр. Ал Қайыңды көлінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мұзға шығуға және сырғанауға қатаң тыйым салынады. Төменгі және орта көлдерде балық аулауға рұқсат етіледі», - деді Экология министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Көлсай мен Қайыңды көлдері Алматы облысы Райымбек ауданының аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 330 шақырым жерде орналасқан.

Айта кетейік, Үлкен Алматы көлінде де коньки тебуге қатаң тыйым салынған.


Соңғы жаңалықтар