+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінде экотуризмді дамыту концепциясы таныстырылды

2020 жылғы 1 қазан 08:44
Бөлісіңіз:
«Көлсай көлдері» ұлттық паркінде экотуризмді дамыту концепциясы таныстырылды

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Саты ауылында «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің даму тұжырымдасы қоғам өкілдеріне таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ECO NEWS Telegram каналына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі Қазақстанда ауаны ластаушы негізгі факторлар - күкіртсутек, шаң және қара күйе Павлодар облысында ақбөкендер саны 8 мыңнан асты

Тұжырымдама бойынша паркте заманауи 3 визит-орталық, глэмпингтер, кемпингтер этно-ауылдар салып, караванингке арналған орындар дайындау көзделеді. Бұл ретте туристік маршруттар мен соқпақтарды дамытуға басты назар аударылады. Күрделі құрылыс болмайды. Жеңіл конструкциялар қолданылады.

«Көлсай-көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Данияр Тұрғанбаев парктегі экотуризмге арналған инфрақұрылым қоршаған ортаға зиян келтірмес үшін негізгі көлдерден алыс болатынын айтты.

«Қайыңды, Көлсай көлдеріне бірде-бір нысан жақын салынбайды. Ғимараттардың бәрі төмен орналасады. Шатқалдың ішіне кірмейді. Бұл – табиғаттың сұранысын, қажеттілігін ескеріліп жасалған тұжырымдама. Концепцияның басты мақсаты – экожүйені бұзбау. Адамдар жаяу немесе велосипедпен жүріп, табиғатқа зиян тигізбей демалатын жағдайға келуіміз керек. Тағы бір мақсатымыз - елдімекен тұрғындарын жұмыспен қамту. Тек ірі бизнес өкілдері емес, жергілікті халық туризмнің пайдасын көруі тиіс»- деді ол жиында.

Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, экотуризм жобалары да 2020 жылы нәтижесін бере бастауы тиіс.

«Алдын ала есептеулер бойынша туристік маршруттардың саны артады, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындары пайда болады, қонақ үй қоры кеңейеді және шатырлар мен лагерьлер үшін көбірек орын болады. Бұл ретте табыс жылына 150 млн теңгеге дейін өседі», - деді – «Көлсай Көлдері» Ұлттық мемлекеттік табиғи паркінің Бас директоры Данияр Тұрғанбаев.

Айта кетейік, 2019 жылы «Көлсай көлдері» ұлттық паркіне 87 мың турист келіп, 30 млн теңге пайда түскен.

Алдағы уақытта «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде экотуризмді дамыту бойынша қоғамдық кеңес құру жоспарланып отыр.

«Даму концепциясын парктің жанынан құрылатын Қоғамдық кеңеске шығарамыз. Сол кеңес жан-жақты қарап, талқылап болған соң әрі қарай заңға сәйкес әрекет етеміз. Үлкен инвестициялық жоба арқылы нысандар пайда болады. Тұжырымданы ертең бизнес өкілдері инвестициялық жобамен келгенде біздің талаптарды толық түсінсін деп жасап жатырмыз. Байқауға қатысқан кәсіпкер біздің тұжырымдамадағы идея болған жағдайда ғана жұмыс істеуге мүмкіндік алады», - деп ескертті Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев.

Жиынға қатысқан туристік қауымдастықтар, ғалымдар, сарапшылар және қоғам қайраткерлері ұлттық паркті аралап, болашақта инфрақұрылым салынатын орындармен танысты. Үмітті инвесторлар өз жобаларын көрсетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT