Колледждер қашықтан оқу үшін қандай бағдарламаларды қолданады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Колледж студенттері қолданатын платформалар тегін болады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн конференцияда ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онда ІV тоқсанда қашықтан оқыту туралы мәселесінің жайы айтылды.

«Колледждер де қашықтан оқиды. Бұл жерде негізгі платформалар қолданылады. Колледж студенттерінің көбі Platonus жүйесін қолданады. Бұл – колледж студенттеріне арналған тегін жүйе. Сонымен қатар, интернет байланысы провайдерлерімен келісім жасалды. ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған Kundelik, Дарын онлайн, BilimLand, Platonus сияқты ресурстардың бәрі қолданушылар үшін тегін болады. Екіншіден, оны мобильді байланыс немесе үйдегі интернет байланысы арқылы қолданған кезде мегабайт кетпейді, трафик тегін болады», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, қандайда бір бағдарлама бойынша ақы алынған фактілер тексеріледі.


Соңғы жаңалықтар