+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Көліктің төбесіндегі жігіт: Жүргізуші мен «жолаушы» айыппұл төлейтін болды

2020 жылғы 23 мамыр 17:45
Бөлісіңіз:
Көліктің төбесіндегі жігіт: Жүргізуші мен «жолаушы» айыппұл төлейтін болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде төбесіне адам отырғызып, жүріп бара жатқан көліктің видеосы тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 мамырда әлеуметтік желіде «Тойота» маркалы көліктің Нұр-Сұлтандағы орталық саябақ маңында төбесіне адам отырғызып, жүріп бара жатқаны түсірілген видео пайда болды. Елорда полицейлері көліктің рөлінде 24 жастағы жігіт болғанын анықтады. Ол осылайша жолаушы тасымалдау ережесін бұзған. Оның үстіне, оның жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен және сақтандыру полисі жоқ болып шықты. Автокөлік автотұраққа қойылды.

Автомобиль жүргізушісі ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің бес бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Ол жалпы сомасы 125 010 теңге айыппұл төлейді.

Көліктің төбесінде оның 24 жастағы досы болған. Оған қатысты да кодекстің екі бабы бойынша хаттама толтырылған. Салынған айыппұл көлемі - 9 723 теңге.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT