Көлікті кепілге қою немесе оны алып тастау онлайн режимде қолжетімді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтарға көлікті кепілге қою немесе оны алып тастау онлайн режимде қолжетімді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Kaspi банк Ішкі істер және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің қолдауымен жаңа сервисті іске қосты. Көлікке кепіл қою немесе алып тастау енді онлайн режимде қолжетімді. Бұрын кепіл бойынша құжаттарды ресімдеу үшін банкке, мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына, полицияға бару керек болатын. Бұл бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

Сонымен қатар ол Ішкі істер министрлігі қаржы мекемелерімен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы азаматтар мен автокөліктерді тіркеу саласында қызмет көрсетуді жеңілдететін бірнеше жобаны іске қосқанын айтты.


Соңғы жаңалықтар