Көліктегі полиция департаментінің басшысы халыққа онлайн-есеп берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Көліктегі полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Оңал Бекеев халықпен есеп беру кездесуін өткізді. Кездесу департаменттің Facebook және Instagram-дағы ресми аккаунттарында онлайн режимінде өтті. Диалогқа желінің 600-ден астам пайдаланушысы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Көліктегі полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Оңал Бекеев халықпен есеп беру кездесуін өткізді. Кездесу департаменттің Facebook және Instagram-дағы ресми аккаунттарында онлайн режимінде өтті. Диалогқа желінің 600-ден астам пайдаланушысы қатысты.

Өз сөзінде Оңал Бекеев ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі істер органдарының алдына қойған негізгі, яғни құқық бұзушылықтарға жол бермеу, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және полицияның қоғаммен өзара іс-қимыл жасауының тиімділігі туралы тапсырмаларына баса көңіл бөлді.

О. Бекеев жұртшылықты Көліктегі ПД-нің 2019 жылы атқарған жедел-қызмет жұмысының қорытындыларымен таныстырды.

«Бүгінгі күні департамент қызметкерлері бүкіл республика бойынша көліктегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді. Республика аумағында 18 әуежай, 1047 теміржол станциясы және 305 теміржол вокзалы орналасқан», - деді Оңал Бекеев.

Көлік полицейлері өткен жылы теміржол көлігі арқылы жүрген 20,5 млн жолаушының және 15 млн әуе көлігі жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

2019 жылы департаменттің қызмет көрсету учаскесінде барлығы екі мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді. Жалпы қылмыстарды ашу 72,9% құрады.

«Қоғамның қолдау көрсетуі біз үшін аса маңызды, себебі қоғаммен өзара іс-қимыл жасау халықтың полицияға деген сенімін арттырады, азаматтарға өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлестерін қосуға мүмкіндік береді» - деп атап көрсетті О.Бекеев.


Ол сонымен қатар,«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»тұжырымдамасын ілгерілету үшін Мемлекет басшысының қойған міндеттерін іске асыру шеңберінде өткен жылы халықпен 774 жиын және жолаушылар пойыздарында 1 мыңнан астам кездесу өткізілгенін айтты. Әртүрлі мәселелер бойынша 132 азамат қабылдауда болды. Азаматтармен жұмыстың бұл түрі халыққа олардың өтініштеріне уақтылы әрі сапалы жауаптар алуларына мүмкіндік береді. Бұған қоса, 2019 жылы екі мыңдай өтініштер келіп түскен, олар бойынша да уақтылы жауаптар берілді.

«Өткен жылдың басында, Елбасының тапсырмасы бойынша Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019- 2021 жылдарға арналған Жол картасы әзірленді, онда 9 бағыт және 54 іс-шара қамтылған. Бүгінгі күні ол іске асырылуда. Біз аумақтық бөліністеріміздің құрылымын қайта қарастырудамыз, барлық күш-құралдар вокзалдарда, поездарда және әуежайларда, сондай-ақ басқа да көлік объектілерінде құқық бұзушылықтың алдын алуды нығайтуға бағытталған», – деді Көліктегі ПД басшысы.

Департамент бастығы баяндамасын аяқтағаннан кейін, әлеуметтік желілердің пайдаланушылары өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Сұрақтардың көбі жолаушылар пойыздарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, көші-қон заңнамасына, темір жолдардағы жазатайым оқиғаларға және ішкі істер органдарына қызметке тұруға ниет білдірген үміткерлерге қойылатын талаптар туралы және басқа да мәселелерге қатысты болды. Қойылған барлық сұрақтарға Департамент бастығы толықтай жауап берді.

Тікелей эфир кезінде кейбір азаматтар көлік полицейлеріне алғыстарын да білдірді. Бұл полицейлер жұмысының жетістігі.

Өз кезегінде, бас көлік полицейі барлық азаматтарға белсенді қатысқандары үшін алғысын білдіріп, келіп түскен өтініштер мен ұсыныстардың қараусыз қалмайтынын сендірді.

«Біз полицейлердің жұмысы қоғамға түсінікті және ашық болуы үшін көптеген жұмыстар атқарудамыз. Бүгінгі сіздермен кездесу тек қорытынды шығару үшін ғана емес, сонымен қатар полицейлердің халықпен өзара және сындарлы диалогы үшін өткізіліп отыр», - деп түйіндеді сөзін полиция полковнигі.


Көлік полициясының ақпараттық ашық болуы үшін Департаменттің интернет-ресурсы, сондай-ақ азаматтарға қажетті ақпарат алуға мүмкіндік беретін Вконтакте, Фейсбук, Майл.ру және Твиттер сияқты әлеуметтік желілері жұмыс істейтінін еске салды. Сондай-ақ Көліктегі ПД бастығының жеке өзі жүргізіп, күн сайын қарап отыратын блогі жұмыс істейді. Осы желілер бойынша әуежәне темір жол көлігінің жолаушылары нақты уақыт режимінде өз сұрақтарын, хаттары мен ұсыныстарын электрондық түрде жолдай алады.


Соңғы жаңалықтар