Көлік және коммуникация министрлігінің Ішкі бақылау басқармасы өткен жылғы жұмыстарының қорытындысын шығарды

None
None
АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат - Көлік және коммуникация министрлігінің Ішкі бақылау басқармасы 2009 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысын жария етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 2009 жылы аталған басқарма мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын сақтай отырып 16-ы, оның ішінде 6-ы кешендік және 10 тақырыптық тексеріс жүргізген. Осы уақыт аралығында басқарманың бақылау жасаған қаражатының жалпы сомасы 63 465 283,6 мың теңгені құраған. Бақылау барысында жалпы сомасы 158 709,0 мың теңгенің заң бұзушылықтары анықталса, оның ішінде негізгі үлестік салмаққа белгіленген нормативтерден тыс шығыстарға және қайтадан орнын толтыруға тиісті сома 14136,8 мың теңгені құраған.

Айта кетейік, министрліктің Ішкі бақылау басқармасы 2008 жылы ведомствоның аумақтық органдарында және ведомстволық бағынышты ұйымдарында ҚР-ның бюджеттік және өзге де заңнамасын сақталуын тексеру және талдау жолымен ішкі қаржылық бақылауды жүзеге асыру мақсатында құрылған. Басқарма министрлік қызметінің бағыттарына сай оның жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асырады.

Соңғы жаңалықтар