Көлік және коммуникация министрлігінде коммуналдық меншіктегі вокзалдарды республикалық меншікке өткізу жөнінде кеңес өтті

None
None
АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат - Көлік және коммуникация вице-министрІ Азат Бектұровтың төрағалығымен «Теміржолмүлік» АҚ-ның коммуналдық меншігі мен балансынан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ балансына теміржол вокзалдары ғимараттарын тапсыру-қабылдау мәселесі бойынша кеңес болып өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сәйкес, кеңеске ҚР Қаржы министрілігінің Мемлекеттік мүлік комитеті Республикалық меншікке мүлікті тапсыру басқармасының бастығы Марат Сәрсебеков, аталған комитеттің Мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жасау басқармасының бастығы Ирина Фишер, сонымен қатар «Қазақстан темір жолы» ҰК», «Жолаушылар тасымалы» және «Вокзал-сервис» акционерлік қоғамдарының өкілдері қатысқан. Алқалы жиын барысында жергілікті атқарушы органдар мен «Жеміржолмүлік» АҚ балансындағы теміржол вокзалдары ғимараттарын қабылдау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және аталған проблемаға қатысты өзге де бірқатар мәселелер талқыланған.

«Вице-министр А.Бектұров «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ алқа мәжілісінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К. Мәсімовтің тапсырмасын орындау мақсатында, Көлік және коммуникация министрлігінің теміржол вокзалдары ғимараттары, перрондар мен платформаларды коммуналдық меншіктен республикалық меншікке тапсыру мәселелерін қарастыратын «Теміржол мүлкінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын әзірлегенін атап өтті. Қазіргі уақытта қаулы жобасы тиісті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы ұйымдарына жіберілді», делінген баспасөз хабарламасында.

Ведомствоның атап өтуінше, «Вокзал-сервис» АҚ-ның қарамағында 27-і және жергілікті атқарушы органдарда 94 теміржол вокзалдары ғимараттарынан басқа, «Теміржолмүлік» АҚ-ның қарамағында 184 вокзал бар.

Азат Бектұров «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ және «Вокзал-сервис» АҚ-ның коммуналдық меншігінен вокзалдарды республикалық меншікке өткізу жөніндегі өзекті мәселелерді қарастыру, сонымен қатар нақты орындалу мерзімдерін анықтап, оларды шешу жолдарын белгілеу жөнінде тапсырма берді, делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар