Көлік және коммуникация министрі қазақстандық әуе компанияларының есебін тыңдады

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 12-сі. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов «Эйр Астана», «Скат» авиакомпаниялары және  Астана қаласының халықаралық әуежайының 2009 жылдың 10 айындағы жұмыстарының қорытындысымен танысты,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Эйр Астана»  авиакомпаниясының жұмысымен таныстырған Питер Форстер, алғаш рет жолаушылар тасымалының 6 пайызға  төмендегенін, соның салдарынан қаржы түсімінің азайғандығын мәлім етті. Дегенмен, ағымдағы жылдың жетістігі ретінде Алматы -  Баку, Астана - Новосібір, Орал - Амстердам және Алматы - Куала-Лумпур тұрақты рейстерінің, сонымен қатар Алматы - Анталия, Астана - Анталия, Астана - Қостанай - Ганновер чартерлі рейстерінің ашылуын атап өтілген. Сондай-ақ келесі жылдың перспективасы ретінде компания әуе кемелер паркін нығайтуға  күш жұмсамақ. Осыған орай Фоккер-50, Эмбраер-190 және А-320 ұшақтарын сатып алуды көздеп отыр.

«Скат» авиакомпаниясы» АҚ-ның директоры Владимир Денисовтің айтуынша, компанияның әуе кемелер паркін жаңарту бағдарламасы бойынша осы жылы үш Боинг әуе кемелерін сатып алынып, АН-24 үлгідегі кемелерді пайдаланудан шығару жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілмек. Қазірдің өзінде ағымдығы 10 айдың жүк тасымалы өткен жылмен салыстырғанда 12030 мың тонна шақырымға ұлғайған. Компанияның есептік мерзім бойынша кірісі 9 млн. 951 мың теңгені құраған. В.Денисов министрге тарифтік саясат жайында да баяндады.

 Ал «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-ның президенті Айбол Бекмұхамбетов әуежайларды басқару бойынша Малазиялық холдингпен арадағы келісім-шартты бұзу астаналық әуежайдың қызметінде оң нәтиже беріп, жаңа іс-қимылдарға жол ашатындығын атап өткен. Сонымен қатар әуежайдағы қызмет көрсету деңгейінің едәуір жоғарылағандығын, өндірістік көрсеткіштері өткен жылдың көрсеткіштері деңгейінде тұрғандығын жеткізген.

Кездесу соңында Көлік және коммуникация министрі авиакомпаниялар басшыларына  тарифтік саясат және жолаушыларға қызмет көрсету саласын жақсартуды, сонымен қатар авиапарктерді қарқынды түрде жаңартуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар