Көлік салығының 90 пайызы цифрлық аударым арқылы төленген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері е-Salyq Azamat қосымшасын 400 мыңнан астам салықтөлеуші қолданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды әкімшілендіру және арнайы салық режимі департаментінің директоры Азамат Садықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.

«Жыл басынан бері 400мыңнан астам салық төлеуші е-Salyq Azamat мобильді қосымшасын пайдаланды. Төленген салықтың 90 пайызы цирфландырылған форматта өтті. Бұған дейін айтқанымыздай, салықты комитеттің мобильді қосымшасы арқылы ғана емес, банктердің қосымшалары арқылы да төлеуге болады», - деді Азамат Садықов.

Еске салсақ, бұған дейін аталмыш шарада ұрланған көлік иелері салық төлемеу үшін қандай құжат ресімдеуі керек екені айтылған болатын.


Соңғы жаңалықтар