Көлік полициясының 500-ден астам қызметкері марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада Көлік полициясы саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне мерейтойлық медальдар табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік шара барысында аталған саланың жұмысын БАҚ-та жан-жақты көрсеткені үшін бірнеше журналист марапатталды. Еңбегі еленген азаматтар арасында әріптесіміз, ҚазАқпараттың Батыс Қазақстан облысындағы тілшісі Ғайса-Ғали Сейтақ та бар.

«Қай уақытта болмасын полиция қызметі әрқашан жанқиярлық пен антқа адалдықтың үлгісін көрсетті. Қазақстан полициясының тарихы көптеген көзсіз батырлық пен халыққа деген шексіз адалдықтың мысалдарынан тұрады. Бұл күні біз еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін өз өмірін қиған нағыз патриот қызметкерлерді еске алуға міндеттіміз», - деді Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекиев.

Мерекеге орай 500-ден астам қызметкерге медаль табысталды. Оларға «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін», «Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері» және 150 маманға «Қазақстан Қазақстан полициясына - 30 жыл» төсбелгісі табысталды.


Соңғы жаңалықтар