Көлік қаққан 9 жасар қостанайлық қыз ауруханада көз жұмды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып, ауруханаға ауыр халде жеткізілген 9 жасар қыз көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 жасар қыз ауыр халде жеткізілген.

«Ол 5 күн жансақтау бөлімінде жатып, ес жимаған күйінде жан тапсырды. Анасы әлі қалалық ауруханада ауыр халде жатыр», - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, 12 ақпанда Қостанайдағы КСК шағын ауданында ана мен баласын көлік қағып кеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар