Көлігімен келіншекті 3 мәрте басып өткен ақтаулық жеткіншектің анасы жауапқа тартылуы мүмкін

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Көлігімен келіншекті 3 мәрте басып өткен ақтаулық жеткіншектің анасы жауапқа тартылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облысының Полиция департаменті басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің хабарлауынша, 58 жастағы әйелді автокөлікпен үш мәрте басып өткен жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қылмыстық құрамның болмауына байланысты тоқтатылған.

«Кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық істе қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Құқық бұзушылық жасаған кезде жүргізуші он алты жасқа толмаған. Сондықтан жасөспірімді Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылмайды», - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, полицейлер автокөлік иесі жауапқа тартылмағанын айтты. Себебі, жасөспірім автокөліктің кілтін көлік иесінің рұқсатыныз алған. Яғни көлік иесі жасөспірімнің көлікті жүргізгенінен хабарсыз болған.

«Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы« кодексінің 127-бабы бойынша кәмелетке толмаған баланың анасы жауапқа тартылады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтауда 15 жасар жеткіншек әйелді көлікпен 3 мәрте басып өткенін жазған болатынбыз. Салдарынан әйелдің денсаулығына ауыр зиян келген. Жәбірленушінің 5 қабырғасы сынып, өкпесі тесіліп, аяқ сіңірлері үзіліп кеткен.

Кейінірек полиция департаменті екі бап: ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі мен ҚР ҚК 349-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.


Соңғы жаңалықтар