+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

«Қолдау» кәсіпкерлерді қолдамай отыр: мәселеге партия араласты

2020 жылғы 30 тамыз 04:00
Бөлісіңіз:
«Қолдау» кәсіпкерлерді қолдамай отыр: мәселеге партия араласты

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – «Ауыл» партиясының Қостанай облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары Валентин Хаданович азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Партия қабылдауына келген тұрғындар өндіріс саласы, құқық және коммуналдық мәселелермен жүгінген. Мәселен, салық қызметкері Бауыржан Ерменов салық төлеу бойынша бірнеше сұрақты алға тартты.

Оның айтуынша, биыл ҚР Президентінің №287 Жарлығына сәйкес Үкіметтің 3 қаулысы шыққан. Соның бірі 2020 жылғы 20 наурыздағы қаулыда ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерін жер салығынан босату шешімі қабылданған.

«Алайда бұл қаулы жер үшін салынатын төлемнен босатпайды. Салықтан босатылғанымызбен, төлемнен қаша алмаймыз. Жер үшін дәл ақы төлегенімізбен, нәтижесінде мемлекеттен берілетін жеңілдіктерден құр қаламыз», - деп базынасын айтты Бауыржан Ерменов.

Өтінішке құлақ асқан «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары Валентин Хаданович Үкімет Қаулысындағы осы тармақты толықтыру қажеттігін айтты. Бұл мәселе ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаевтың атына жолданбақ.

Жергілікті пәтер иелеру тұтыну кооперативінің төрағасы (ПКСК) Галина Отт пәтер иелері кооперативі мен ПКСК-ны тарату мәселесіне тоқталды.

Оның сөзіне сүйенсек, қазір коммуналдық ұйымдарды таратудың нақты алгоритмі әзірленбеген. Аталған ұйымдардың балансындағы ортақ мүлік мәселесі қалай шешіледі? Партия қабылдауында айтылғандай, бұл мәселе ҚР заңнамасына сәйкес қаралатын болады.

Партияның электрондық порталына қостанайлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен «Қолдау» жүйесі туралы хабарлама келіп түсті.

Кәсіпкерлердің айтуынша «Қолдау» нақты іске келгенде қолдамай отыр. Портал арқылы субсидиялауға өтінім беру жолдары қиындап кеткен. Сол себепті кәсіпкерлер «Қолдау» жүйесіне өзгеріс қажет деп есептейді. Мазалап отырған басты сұрақ – субсидияға өтінім беру уақытының аздығы. Яғни, порталға өтінім беріп үлгермеген кәсіпкер субсидияға ілікпейді.

Валентин Хаданович кәсіпкерлер үндеуін Ауыл шаруашылығы министрлігіне жіберді. Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелер партия бақылауына алынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT