Қолданыстағы заң қар тасуға мүмкіндік бермейді – Жүк тасымалдаушылар қауымдастығы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық жүк тасымалдаушылар қауымдастығының басшысы Аслан Кемелбайұлы жүк машиналарына рұқсат етілген жүктеме көлемін арттыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жүк тасымалы саласында 1993 жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселелер бар. 1993 жылы көлік инспекциясы құрылды, кейінірек бұл инспекция түрлі министрліктерге берілді, бірақ проблемалар сол күйінде қалды. Қазір Қазақстан біздің жолдарымызда жүк машиналарына 10 тонна жүкке рұқсат беріп отыр. Бірақ бұл – бір оське (дөңгелек) берілген жүктеме, егер қос дөңгелекті, әдеттегідей тіркемесі бар жүк көлігін алсақ, онда бір оське 8 тонна аламыз, 8 + 8 – 16 тонна шығады. Нәтижесінде, бір самосвал өз салмағын ескере отырып, 26 тонна жүк тасымалдай алады. Іс жүзінде, бұл самосвал 30 тонна жүк таси алады. Көліктің өз салмағы 15 тонна, оған 30 тонна қоссақ, 45 тонна шығады. Егер 45 тоннаны үш оське бөлсек, онда бір оське 15 тоннадан келеді», - деді Аслан Кемелбайұлы Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған көлік бизнесі өкілдерімен кездесуде.

Сонымен бірге, қауымдастық өкілі ЕАЭО елдеріне: Ресейде, Беларусьте және Арменияда бір оське 11,5 тонна тасымалдауға рұқсат етілгенін, бұл жүк тасымалының бизнес құрылымын жетілдіру үшін жақсы көрсеткіш екенін атап өтті.

«2006 жылдан бастап Қазақстан бір оське 13 тонна деп есептеп, жол сала бастады. Өкінішке орай, былтыр 24 шілдеде бөлінбейтін жүкті тасымалдаушылардың бұдан былай арнайы рұқсат ала алмайтындығы туралы заң күшіне енді. Бұл нені білдіреді? Қазіргі уақытта елордада қардан тазарту мәселесін көріп отырсыздар. Тіпті қарды тасымалдау кезінде де кез келген самосвал жүк тасымалдау параметрлерінен асып түседі. Бұл қазіргі қолданыстағы заңмен тіпті қар тасымалдау мүмкін емес дегенді білдіреді. Біз бұл мәселені шешудің мынадай жолдарын ұсынамыз: жол салу кезінде көлік осьіне берілген жүктемелерді қайта қарау. Біз инертті материалды теміржолмен Ресейге, Омбыға, Челябинскке жібереміз, ол жақта қиыршық тас жоқ. Бізде осындай бай өңір бар - өзіміздің қиыршық тастарымыз, өз асфальтымыз, өз бетонымыз, өз арматурамыз бар. Жол салу кезінде осьтік жүктемені заңнамалық тұрғыдан күшейтуге не кедергі екенін түсінбеймін. Бұл жағдайда жыл сайын жол жөндеуге миллиондаған ақша жұмсамас едік. Сонымен бірге, біз жол салатын кәсіпорындармен техникалық-экономикалық негіздеме жасадық, олар біздің серіктестеріміз болып саналады - сметада жүктемені тек 10% көтерудің өзі ось жүктемесін 13-тен 18 тоннаға дейін арттырады. Сондықтан, негіздемені жақсарту қажет», - деді А. Кемелбайұлы.


Соңғы жаңалықтар