Қолданылған масканы қалай залалсыздандырып, жою керек
Мамандардың айтуынша, медициналық масканы ауыстырып тұру керек. Үйге келгеннен кейін пайдаланылған медициналық маска мен бір реттік қолғаптар белгілі бір ереже бойынша жойылады.
Ол үшін масканы жеке пакетке салып, барынша ауа кірмейтіндей етіп қымтау керек. Осыдан кейін ғана ол масканы немесе қолғапты лақтыруға болады.
Айта кетсек, бұған дейін оқырманға антисептикті қолдан жасаудың амалын ұсынған болатынбыз.
Еске сала кетсек, Қазақстанда бүгінге дейін коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам анықталды . Оның екеуі - Алматыда, бесеуі - елордада тіркелген. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 79 науқас тіркелді.