Қоқыс шығаруда проблема бар – Алматы әкімінің бірінші орынбасары

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов қалалық коммуналдық қызмет жұмысына түсінікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаладағы қоқыс көлемінің көбеюіне байланысты коммуналдық қызметтің жұмысы қиындаған.

«Қоқыс шығаруда проблема көп. Бірінші тәулікте болған қиындықтарды еңсердік. Қоқыс көлемі 100 пайызға артты, ертең одан да көбейетіні анық. 330 қоқыс шығаратын көлік бұл көлемді шығарып үлгере алмай жатыр. Қалалық коммуналдық қызмет өкілдері бір нәрсеге үлгере алмай жатса, түсінікпен қарауға шақырамыз. Энергия, су, жарықпен қамту үздіксіз жұмыс жасайтын болады», - деді ол.

Қала әкімінің орынбасары алматылықтарды үйде отыруға шақырды.


Соңғы жаңалықтар