Қоқыс өртеу зауыты Нұр-Сұлтанның қай бөлігіне салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев елорданың тұрмыстық қалдықтарын өртейтін зауыттың қайда салынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласының тұрмыстық қалдықтарын өртейтін зауыттың құрылысы қаланың сыртында жоспарланған. Қазіргі полигонның ауданында салынады. Бүгінде ол жерде қоқыс сұрыптау желісі орнатылған. Зауыт дәл сол жерде салынады», - деді Мағзұм Мырзағалиев халық алдындағы есептік кездесуінде.

Сондай-ақ, ол аталмыш зауыт еуропалық стандарттар негізінде бой көтеретінін атады.

«Бұл мәселе қатты алаңдатып отырғанын түсінемін. Бірақ біздің тараптан жан-жақты әрі терең талдаулар, зерттеулер жүргізілді. Қазір бізде қоқыстың 82-83 пайызы жерге көміледі. Полигондар арқылы бұл мәселені шеше алмаймыз. Елімізде 3,5 мыңнан астам полигон бар. Сол полигондардың 18 пайызының ғана ахуалы салыстырмалы түрде жарамды. Сондықтан, мәселені кешенді және жүйелі түрде шешу керек. Біз ұсынып отырған еуропалық механизм осы мәселенің кешенді шешім болып саналады. Швеция экологиялық тұрғыда ең таза елдердің бірі екенін білесіздер. Бірақ сол елге Еуропаның бүкіл елдерінен өзен арқылы қалдықтар келеді. Финляндия туралы да осыны айтуға болады. Соңғы 10 жылда бұл елдегі экологиялық жүйе де өзінің тиімділігін көрсетті», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар