Көктемгі су тасқыны: Елордада 30-дан астам орын дайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықты қауіпсіз жерге көшіруге дайын. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитеті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ерсұлтан Тұрмаханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Су тасқыны бола қалған жағдайда ҚР Ішкі істер министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықты қауіпсіз жерге көшіруге дайын. Алдын ала жоспарларға сәйкес эвакуациялық бағыттар белгіленген. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында халықты уақытша орналастыратын 30-дан астам орын белгіленген. Ол орындар халықты көп көлемде сыйдыра алатын мектеп сияқты мекемелерде орналасқан», - дейді Е.Тұрмаханов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша су басу қаупі бар 37 орын бар екенін және ол жерлерде 5400-ден астам халық тұратыны туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар