Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қосымша 100 млрд теңге бөлінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттің тапсырмасымен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қосымша 100 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта егіс науқаны оңтүстік өңірлерде жүргізіліп жатыр. Осылайша Жамбыл облысында 249,5 мың га немесе жаздық егіс алаңының 67 пайызында, Түркістан облысында 167,5 мың га аумаққа (25,5%), Алматы облысында 97,1 мың га (15,6%), Қызылорда облысында 23,9 мың га (17,6%) алқапта егіс жұмыстары жүргізілді», - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров онлайн режимде ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр Мемлекет басшысының 2020 жылғы 31 наурыздағы тапсырмасын орындау аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін республика бойынша дизельдік отынның литрінің бағасы 165 теңге болатынын жеткізді.

«Сонымен қатар, Президенттің тапсырмасымен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қосымша 100 млрд теңге бөлінді. Субсидиялауды есепке ала отырып, соңғы сыйақы мөлшерлемесі қарыз алушылар үшін жылдық 6 пайызды құрайды. Бұл шаруаларды айналым қаражатымен, тұқым, тыңайтқыштар, өсімдік қорғау құралдарымен, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді ол.




Соңғы жаңалықтар