«Көктем–2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
Оқу-жаттығуға азаматтық қорғаудың республикалық және облыстық қызметтері: орталық және жергілікті атқарушы органдар, авариавариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдары қатысады.
Оқу-жаттығуды басқару штабы Нұр-Сұлтан қаласында, ҚР ІІМ ТЖК Дағдарыс жағдайларында басқару орталығында орналасқан.
Оқу-жаттығу шеңберінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылдары және құлақтандыру, практикалық су тасқынына қарсы іс-шараларды, азаматтық қорғау құрылымдары күштерінің және халықтың су тасқыны кезеңінде іс-қимылдары бойынша арнайы-тактикалық жаттығулар өткізу, сондай-ақ азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық және салалық кіші жүйелерінің қызмет ету режімін көктемгі кезеңде ТЖ қаупі және туындаған кезде міндеттерді орындауға жоғарғы әзірлік режиміне келтіру мәселелерін пысықтау жоспарлануда.
Тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларды өткізу кезінде неғұрлым осал елді мекендерде нақты және шынайы міндеттер пысықталатынын атап өту қажет. Тактикалық-арнайы оқу-жаттығу барысында жергілікті атқарушы органдар өзен жағалауының жырылу қаупі бар учаскелерінде қорғаныс бөгеттерін салу, халықты эвакуациялау, эвакуацияланған адамдарды төсек-орын жабдығымен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде. Жедел ден қою жасағының құрамалары төтенше жағдайлар болуы ықтимал жерлерде көпірлерді, құбырлы өткелдерді және арналарды тазалау бойынша іс-шараларды, қаптар мен инертті материалдардың бар болуын пысықтауда.
Оқу-жаттығудың бірінші күні, 25 ақпанда сағат 09.00-де орталық және жергілікті атқарушы органдардың басқару органдары мен күштерін дайындыққа келтіру үшін «Бастау-1001» сигналы жеткізілді.
Оқу – жаттығуды басқару штабында оқу-жаттығу штабының бастығы - ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары Т. Қ. Нұрмағамбетовтің төрағалығымен республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің жедел топтары басшыларының баяндамалары тыңдалды. Республикалық қызметтердің өкілдері оқу-жаттығуға дайындығы, су тасқыны қаупі бар кезеңде төтенше жағдайдың алдын алу шаралары және халықты олардан қорғауды қамтамасыз ету туралы баяндады.
Сонымен қатар оқу-жаттығу тақырыбына байланысты тиісті кіріспе сигналын басқару органдарына тапсыру арқылы «Тұлпар – 2002» және «Үзіліс-3003» екі сигналы жеткізілетін болады.