+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Көкшетаудың карантинге жабылатыны туралы ақпарат жалған болып шықты

2020 жылғы 26 наурыз 16:45
Бөлісіңіз:
Көкшетаудың карантинге жабылатыны туралы ақпарат жалған болып шықты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының орталығы — Көкшетау қаласының карантинге жабылатыны туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандағы коронавирус бойынша 4 сәуірдің 22.45 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай Алматыда коронавирустың 31 ошағы белгіленген Қызылордада тағы екі адамның коронавирус инфекциясын қайдан жұқтырғаны анықталды

Ведомствоның мәліметінше, бұл коронавирус инфекциясына қатысты WhatsApp қолданушылары таратқан үшінші оқиға.

«25 наурызда полиция қызметкерлері WhatsApp мессенджеріне мониторинг жүргізу кезінде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың Көкшетау қаласындағы емдеу мекемелерінде орналастырылғандығы және наурыздың 26-нан бастап облыс орталығының карантинге жабылатыны туралы жалған ақпараттарды анықтады. Аудиохабарлама авторы Көкшетау толық қоршалатындықтан Краснояр ауылының тұрғындары қалаға кіре алмайтынын айтқан», - дейді ведомстводан.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, полиция қызметкерлері жалған ақпаратты таратқандарды бірер сағаттың ішінде анықтады.

«Аудиожазба арқылы таратылған фейк ақпараттың авторын анықтау бойынша жедел іздестіру шарасы қолға алынды. Нәтижесінде Көкшетау қаласының 56 жастағы тұрғыны ұсталды. Анықталғандай, әйел танысының үйінде қонақта болғанында Оңтүстік Кореядан әуе рейсімен ұшып келген қазақстандықтардың Ақмола облысындағы емдеу мекемелеріне орнастырылғандығын естіп, кейін өзге танысына аудиожазба арқылы жіберген. Өз кезегінде таныс әйел ақпараттың рас-өтірігіне көз жеткізбестен 200-ден астам қолданушы бар WhatsApp-тағы топқа жіберген», - дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты үш заң бұзушының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша (жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT