Көкшетауда жұмысшылар берілмей келген 31 млн теңге жалақысын прокуратура көмегімен алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау қаласының прокуратурасы бірқатар кәсіпорын жұмысшыларының 31 млн теңгеге жуық төленбей келген жалақысын алып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы прокурорының атына «Элеватормельмонтаж» ЖШС қызметкерлерінен алғыс хат келіп түсті, онда олар Көкшетау қаласы прокуратурасының қызметкерлеріне жалақы бойынша берешегін төлеуге көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

«Сонымен, «Элеватормельмонтаж ПКФ» ЖШС-нда 2017 жылдан бастап 24 қызметкердің 6,5 млн теңге жалақысы берілмеген. Прокуратура қабылдаған шаралардың арқасында компания аталған қарызды толық көлемде өтеді.

Банкрот болған «Имарко» ЖШС кәсіпорынның (2017 жылдан бастап банкрот) қызметкерінің 400 мың теңге сомасындағы мерзімі өткен берешегі өтелді.

«Есіл ӘКК» АҚ-ның 53 жұмыскерінің 8,5 млн теңге сомасындағы берешегі де назардан тыс қалмады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Көкшетау қалалық прокуратурасы мемлекеттік органдармен бірлесіп 3 кәсіпорынның 78 қызметкеріне жалпы сомасы 15,5 млн теңге жалақы бойынша берешегін өтеуге қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар