Көкшетауда жойқын жел қаланың астан-кестенін шығаруда (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы дүлей жел қаланың астан-кестенін шығаруда. Әсіресе, үйлердің төбе шатырын жұлып, қоршауларды кұлатуда.

Тіпті, тұрғындардың қала ішінде жүріп тұруы қиынға соғуда. Өйткені, желдің екпінінің қаттылығы сонша, адам түгілі ауыр заттарды орнынан ұшырып әкетіп жатыр.Қала ішіндегі автобус аялдамаларын да оңды-солды ұшыруда.

Аялдама демекші, еске сала кетсек, осыған дейін де Көкшетау қаласының Жайлау шағынауданында автобус аялдамасының жығылып қалғаны жөнінде жазған болатынбыз.

Өкінішке орай, содан бері қанша уақыт өтсе де, әлгі аялдаманы қалпына келтірген жан жоқ. Оның жамбастап жатып қалғанына тұрғындардың да көзі үйреніп кеткен тәрізді.

Енді міне, ол аз болғандай дүлей жел бірнеше аялдаманы бірінің артынан бірін қаңбақша домалатып жатыр. Оған бүгін Көкшетау қаласында құлап жатқан аялдамалардың суреті айқын дәлел бола алады.

Бір аялдама бірнеше ай бойы орнына қойылмағанда бірнеше аялдама неше күнде орнына келтіріледі екен?!

Соңғы жаңалықтар