Көкшетауда жатақхана өртеніп, 40 адам эвакуацияланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда бес қабатты жатақханадан өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды, оның 25-і бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«23 қарашада кешке қарай Көкшетаудағы жатақхананың бірі өртенді. Өрт сөндірушілердің ширақ қимылының арқасында ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 27 қызметкері және 8 арнайы техника жұмылдырылды. Арада 20 минут өткен соң өрт толығымен сөндірілді», - деді Көкшетау қаласы ТЖ басқармасының бастығы Әсет Жақсылықов.

Анықталғандай, жатақхана бөлмесіндегі заттар мен жиһаз өртенген.



Соңғы жаңалықтар