Көкшетауда жаңа 3 коммуналдық базар салынады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жаңа 3 коммуналдық базар салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомстводан атап өткендей, Ақмола облысында жергілікті билік тарапынан әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша тиісті шаралар қолға алынуда. Соның ішінде маусым кезінде бірінші кезекте қажетті азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмыстары тұрақтандыру қоры арқылы жүзеге асырылады.

Шаруашылық тауарларын сату және тұрғындар үшін қолжетімді болу үшін «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Көкшетау қаласының шеткі аудандарында үш коммуналдық базар салуды жоспарлап отыр. Аумағы 200 метр павильондар Абылай хан даңғылындағы 6 және 11 тұрғын үйлердің маңында, сондай-ақ, Көктем шағын ауданындығы 7 үйдің жанында орналасатын болады.

«Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы» басқармасының төрағасы Ербол Жақсылықовтың айтуынша, қазіргі таңда смета, сараптама, жобалық құжаттама және өзге дайындық шаралары аяқталды.

«Біздің жоспарымыз бойынша коммуналдық базарлардың құрылысы маусымның 1-нен басталып, қыркүйектің 1-де аяқталуы тиіс»,- дейді Е.Жақсылықов.

«Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясындағылар атап өткендей, бұл сауда орындарында жергілікті кәсіпорындар шығарған әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары тұрғындар үшін арзан бағамен сатылмақшы. Әсіресе, балғын өнімдер жыл бойы үздіксіз жеткізіліп отырады.


Соңғы жаңалықтар