Көкшетауда «ВАЗ 2110» көлігін полиция патрулі қуып жүріп ұстады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «ВАЗ 2110» көлігінің жүргізушісі жол ережесін бірнеше рет бұзды. Полиция патрулдері аталмыш көлікті қуып жүріп ұстағаны әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметіше, бүгін тәртіп сақшылары Абай және Алтынсарин көшелерінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне қарамай өтіп кеткен көлікті байқап, соңына түседі.

Әуелбеков көшесінің бойында аталмыш көлікке қуып жетіп, жүргізушісіне тоқтауды талап етеді. Алайда, жол ережесін бұзған жүргізуші полицияның талабына құлақ аспай, одан сайын жылдамдығын асырып, Назарбаев даңғылына қарай бет алады. Осы кезде оның соңынан бірнеше полиция патрулі соңына түсіп, қуады. Ал, қашқан көлік жүргізушісі тағы да бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай, жолдың қарсы бағытына шығып, тұтас жолақтан өтіп кетеді.

Қашуға қанша тырысқанымен тәртіп сақшылары оны Әуелбеков және Ғабдуллин көшелерінің қиылысында қоршап, қолға түсіреді.

«ВАЗ 2110» көлігінің 1997 жүргізушісі бағдаршамның қыз түсі мен тұтас жолақтан өтіп кетті. Мұнысымен қоймай полицияның тоқтау туралы талабын орындамады. Анықталғандай, көлік жүргізушісі Көкшетау қаласының тұрғыны. Ал көлігі Ресейде тіркелген. Қазіргі кезде, жүргізушіге қатысты тексеріс жүргізілуде«, - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар