Көкшетауда түн жарымына дейін жұмыс істеп тұрған мейрамхананың иесі жазаланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдай кезінде Көкшетауда түнгі сағат 01:00-лерде 100-ден астам адам көңіл көтеріп жатқан мейрамхана иесі жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, тәртіп сақшылары төтенше жағдай кезінде Ақмола облысындағы көңіл көтеру орындарында жұмыс кестесінің сақталуын тексерді. Рейд кезінде өңірдегі 363 көңіл көтеру орны қамтылды. Тексеріс барысында 358 дәмхананың сағат 22:00 жабылғаны белгілі болды. Ал, Көкшетау қаласы мен Жақсы ауданында - 4, Есіл ауданында - 2 нысан түнгі сағат 23:00 жабылды. Бұдан бөлек, Көкшетау қаласында түнгі сағат 01:00-лерде 100-ден астам адам көңіл көтеріп жатқан мейрамхананың ашық тұрғаны анықталды.

«Төтенше жағдай кезінде белгіленген уақытша шектеу туралы талапты орындамаған мейрамхана иесі ҚР ӘҚбК 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - дейді ведомстводан.

Аталмыш бап бойынша 10 АЕК (26,5 мың теңге) айыппұл немесе 15 тәулікке қамау жазасы қарастырылған.

Қазіргі кезде әкімшілік материалдар процессуалдық шешім шығару үшін сотқа жолданды.


Соңғы жаңалықтар