Көкшетауда соғылған көліктің ішінде қысылып қалған жүргізуші мен жолаушы құтқарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда құтқарушылар жол апатына ұшыраған жеңіл көлікті арнайы құралдың көмегімен кесіп, ішінде қысылып қалған жүргізуші мен жолаушыны құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың 17 қаңтарында полиция қызметкерлерінен Көкшетау қаласындағы Назарбаев даңғылы мен Ғабдуллин көшелерінің қиылысында жол–көлік оқиғасы орын алып, жүргізуші мен жолаушы зардап шеккені туралы хабар түскен. Анықталғандай, «Ауди» автокөлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, қалаішілік бағыттағы 13-автобуспен соқтығысқан. Жол апатынан жеңіл көлік мыжылып, жүргізуші мен жолаушысы қысылып қалған.

«Оқиға орнына дереу Көкшетау қалалық жедел-құтқару жасағының 5 қызметкері жетті. Олар бес минут ішінде жол-көлік оқиғасынан қатты жарақат алып, есінен танып қалған 2001 жылғы ер адамды сыртқа алып шықты. Сондай-ақ, құтқарушылар көліктің артқы орындығында иығы мен қабырғалары сынған 1980 жылғы әйелді құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды», - деді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар