Көкшетауда шешендер мен ингуштердің жер аударылуына арналған конференция өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Алғыс айту күні қарсаңында Көкшетауда қаласында Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының ұйымдастыруымен шешендер мен ингуштердің тарихи отанынан Қазақстанға жер аударылуы тақырыбында халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Конференцияға Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің 40-қа жуық ғылым, білім, мәдениет, бизнес өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты, олардың ішінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Сұлтан Оздоев, қолданбалы экономикалық зерттеулер институты директорының орынбасары Ғалымжан Құсманғали, Мәскеу қалалық думасының депутаты, М.Ломоносов атындағы ММУ доценті, М.Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінің доценті Магомет Яндиев, заң ғылымдарының кандидаты Оксана Возняк, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Әскер Пириев пен Шерзод Пулатов тәрізді танымал тұлғалар қатысты.

Конференцияны ашқан Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова шараның маңыздылығын атап өтті.

«Биыл біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз, елімізде бір шаңырақтың астында бейбітшілік пен келісімде 100-ден астам этнос пен 17 конфессия тұрады. Бұл еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында мүмкін болды», - деп атап өтті ведомство басшысы.

«Қазақ халқы өздерінің өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан, ауызындағысын жырып беріп, өмірінің ең қиын кезеңінде депортацияланған халықтарға баға жетпес көмек көрсетті, бүгінде шешендер мен ингуштар көпұлтты Қазақстан қауымдастығында лайықты орын алып, өздері үшін екінші Отанына ие болды, ал ұрпақтары үшін Қазақстан бірінші Отанына айналды», - деп өзінің ойымен бөлісті шараны ұйымдастырушы Герихан Яндиев.

Үш сағатқа созылған конференцияға қатысушылар өз пікірлерімен, қорытындыларымен, жеке естеліктерімен, сондай-ақ аталарының, әжелерінің және ата-аналарының естеліктерімен бөлісті. Қатысушылар қазақ халқының атына оның бірегейлігін, адамгершілігі мен алуан түрлілігін атап өте отырып, көптеген алғыс сөздерін айтты. Конференцияны қорытындылай келе, қатысушылар жастарды ата-бабалары іргесін қалаған бейбітшілікті, келісім мен достықты сақтауға және арттыруға шақырды.


Соңғы жаңалықтар