Көкшетауда Pfizer вакцинасын салу басталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Pfizer вакцинасын салу науқаны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ұсынған Pfizer вакцинасы 12-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін аналар салынады.

«Бүгін «Viamedis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және Көкшетау қалалық емханасында 12 жастан 18 жасқа дейінгі 16 жасөспірім, 1 жүкті және 1 лактация кезеңінде әйел вакцина алды. Вакцинация-көптеген жұқпалы аурулардан қорғаудың жалғыз жолы», - деп атап өтті ведомстводан.

Айта кетсек, Ақмола облысына 35 мың дана Pfizer вакцинасы жеткізілген еді. Аталған вакцина ең алдымен балалар, 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге (16-37 аптадағы жүктілік мерзіміндегі аяғы ауыр келіншектерге), босанғанына 42 күн толған бала емізетін аналарға салынатын болады.



Соңғы жаңалықтар