Көкшетауда өткен жәрмеңкеде 32,2 тонна азық-түлік өнімдері сатылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетау қаласында Бұланды, Бурабай, Зеренді аудандары мен облыс орталығы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің азық-түлік жәрмеңкесі өтті.

«Алтын ғасыр» сауда үйінің алдында ұйымдастырылған жәрмеңкеге 8,4 тонна ет және шұжық, 2 тонна сүт, 6,8 тонна ұн, 4,5 тонна картоп, 1,1 тонна көкөніс өнімдері және 0,9 мың литр күнбағыс майы әкелінді. Жәрмеңкеде жалпы құны 11,7 млн теңгеге 32,2 тонна азық-түлік өнімі тұрғындарға едәуір арзан сатылды. Сонымен қатар, жәрмеңке барысында тұрғындар назарына аудандар мен Көкшетау қаласы өнерпаздарының орындауындағы әуелеген ән мен күмбірлеген күй де ұсынылды.

Осы орайда қалалықтар делдалсыз жеткізілген азық-түлік бағасы базардағы саудагерлер бағасынан 20-30 пайызға төмен болғандықтан, бұл бізге кәдімгідей қолайлы болды, деп отыр. Облыс орталығында өтіп тұратын бұл жәрмеңкелердің өңір жұртшылығына игі ықпалын тигізіп отырғандығын анық байқауға болады.

Соңғы жаңалықтар