08:57, 02 Маусым 2020 | GMT +6
Көкшетауда өртенген үйден 70 жастағы қарт құтқарылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау қаласында өртенген үйден 70 жастағы қарт қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1 маусымда Көкшетау қаласының Әуелбеков көшесіндегі 183-ші үйден өрт шығып, ол пәтердің 6 шаршы метр аумағын шарпыды.
«Жалын сағат 12:59-да ауыздықталып, 13:05-те толық сөндірілген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бір адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде», - деп нақтылады ведомстводан.
Жалынды сөндіруге ТЖД-нің 14 қызметкері мен үш техникасы жұмылдырылған.