Көкшетауда өртенген көпқабатты үйден 27 адам эвакуацияланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы көпқабатты үйден 27 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола медиа орталығының мәліметіне сенсек, бүгін, 4 тамыз күні Пушкин көшесіндегі көпқабатты үйдің 27 тұрғыны бірінші қабаттағы дүкендегі өрттен эвакуацияланды.

Өрттің алдын ала себебі - тоңазытқыш қондырғыларының қысқа тұйықталуы.

Таңғы 04.28 кезінде Ақмола облысы жедел басқару орталығының пультіне жоғарыда көрсетілген мекенжайда өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шақыру орнына дереу өрт сөндіру қызметінің күш-құралдары жіберілді.

Шақыру орнына келген соң ақпарат расталды.

Баспалдақ маршымен 27 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды.

Өрт 20 минут ішінде сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. ТЖД 10 қызметкері мен 2 техникасы шықты.

Ақмола ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.


Соңғы жаңалықтар