Көкшетауда «Оқжетпес» футбол алаңын қайта жаңғыртады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Оқжетпес» футбол алаңын жөндеу жұмыстары 2017 жылы жаз мезгілінің басында басталған еді. Қазіргі таңда алаңның жарамсыз болып қалған табиғи жабыны қайта жаңғыртылып жатыр, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы Өңірлік коммункациялар қызметі.

«Оқжетпес» ФК баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2017 жылдың жаз мезгілінің соңына дейін алаңның табиғи жабыны жасанды газонмен алмастырылады.

Жөндеу жұмыстарын «АстГражданПроект» мердігер компаниясы жүргізуде. Учаске бастығының айтуынша, алаңның жабыны ауыстырылғаннан кейін, футболды кез келген ауа райында ойнауға болады.

Футбол алаңы соңғы рет 2009 жылы жөндеуден өткен.  

Соңғы жаңалықтар