Көкшетауда май өңдейтін зауыт салынбақ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында тәулігіне 1 мың тонна май өңдейтін зауыт салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиге сілтеме жасап.

«Көкшетау қаласында май өндіретін зауыттың құрылысы туралы мәжіліс өткіздім. «Kokshetau Oil» ЖШС басшысы Зинулла Казиев «тәуліктік қуаты 1000 тонна болатын май экстракциялау зауытының» құрылысы жобасын таныстырды. Жобаның қуаты 11,8 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Кәсіпорынның жылдық қуаты - 125 мың тонна. 2020 жылдың мамыр айында іске қосу жоспарланып отыр», - деп жазады М.Иғали әлеуметтік желідегі парақшасында .

Айта кетейік, 2018 жылы Қазақстан зығыр өндіру бойынша дүниежүзінде бірінші орынға (930 мың тонна) шықты. Оның ішінде экспортқа шығарылып жатқан басым бөлігі өңделмеген.

«Біз ауыл шаруашылығы кешені саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге тиімді бағыт - ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді қолға алуды ұсынамыз. Жақында үкімет бизнес, оның ішінде қайта өңдеу саласын жеңілдікпен қаржыландыру үшін 600 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр», - дейді М.Иғали.

Соңғы жаңалықтар