Көкшетауда Мәлік Ғабдуллиннің рухына арналған жиын өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Совет Одағының батыры, жазушы-ғалым Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған 2-ші республикалық ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара қаланың орталық саябағында тұрған батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Ескерткіш маңына жиналған жұртшылық алдында Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл бастаған зиялы қауым өкілдері қатысып, сөз сөйледі.

«Жерлесіміз Мәлік Ғабдуллиннің ерлігі барлығына үлгі өнеге. Ақмолалықтар осындай батыр ұлдарының барын мақтан тұтады. Оның есімі халқымыздың жанында мәңгі сақталған», - деді өз сөзінде Ғосман Төлеғұл.

Бұдан әрі тағылымды Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин музейі мен Көкшетау техникалық институтының ұжымы ұйымдастырған «Ғалым Мәлік Ғабдуллин және жаңа қазақстандық патриотизм» тақырыбында ІІ-ші республикалық ғылыми-теориялық конференцияға ұласты.

Соңғы жаңалықтар