Көкшетауда «Magjan.kz» тарихи-әдеби порталы іске қосылады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында «Magjan.kz» тарихи-әдеби порталы іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметі бойынша, Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы «Magjan.kz» тарихи-әдеби порталын ақпан айының соңында іске қоспақ.

Портал арқылы оқырмандар Ақмола облысының киелі жəне көрікті жерлері, тарихи орындары, танымал тұлғалары, жергілікті жазушылары мен ақындары туралы мəліметтер ала алады.

Ол «Ұлы есімдер - ұрпақ жанында», «Тұлға», «Туған өлке», «Жаңа толқын», «Жаңалықтар» бес бөлімнен тұратын болады.

Алғашқы бөлімде Ақмола облысының тарихында алтын əріппен жазылған тарихи тұлғалар туралы мəліметтер жинақталса, «Тұлға» - «Личность»  бөлімі білім мен ғылымға өлшеусіз үлес қосқан қазіргі ақмолалықтарға арналмақ. «Туған өлке» бөлімінде өңірдегі киелі жерлер мен тарихи орындар туралы нақты мәліметтер сақталады.

Төртінші - «Жаңа толқын» бөлімінде кітаптар мен суреттерді, мақалаларды жүктеп алуға болады.

Ал «Жаңалықтар» бөлімі күнделікті өткізілген шаралар мен жаңалықтарға арналмақ.

Соңғы жаңалықтар