Көкшетауда қытайлық өнімнен уланған деген болжаммен бүтін бір отбасы ауруханаға түскен

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда астан уланып қалған бүтін бір отбасының жағдайы тұрақтандырылды. Бұл туралы ҚазАқпараттың өңірдегі тілшісіне сұхбат берген осынау отбасының мүшесі Шынар Бейсембаева мәлім етті.

Оның айтуынша, отбасы Қытайдан әкелінетін "аджика" өнімінен улануы мүмкін. Өйткені, олар сол күні түскі ас кезінде жолдасы және екі баласымен күріш қосылған ет пен "аджика" пайдаланған екен. Алдымен жолдасы жұмыс орнында дәрігерлердің көмегіне жүгінсе, қалғандары үйге жедел жәрдем шақыртқан көрінеді.

Нәтижесінде, дем жетпей, бастары айналып, қол-аяғы құрысып қалған отбасы мүшелері қалалық аурухананың жансақтау бөліміне түсіп, кейін жұқпалы аурулар бөлімшесіне ауыстырылады.

Бүгін демалыс күні болған соң дәрігерлермен тілдесудің реті болмады. Кезекші дәрігерлер бізге қандай да болмасын ақпарат беруден бас тартты. Есесіне, науқастардың бірімен тікелей телефон арқылы хабарласудың реті келді.

"Қазіргі кезде жағдайымыз шүкір, біршама жақсарды. Жалпы палатаға көшірілдік. Ем-дом қабылдап жатырмыз. Ертең дәрігерлердің сараптамасына сай неден уланғанымыз, қанша күн ауруханада емделетініміз белгілі болады", - дейді Шынар Бейсембаева.

Соңғы жаңалықтар